Археологтар Сирияның ежелгі қаласы Умм-эль-Марреде ерте қола дәуіріне жататын қабір тапқан. Барынша жақсы сақталған қабірлердің бірінде алты қаңқа, алтын және күміс зергерлік бұйымдар, ас үй ыдыстары, найза ұшы және бүтін керамикалық ыдыстар болған. Зерттеушілер қыш ыдыстардың жанынан әліпбиге ұқсайтын аздап күйдірілген төрт саз цилиндрді анықтаған.
«Әліпби жазу жазуда төңкеріс жасап, оны корольдік отбасы мен әлеуметтік элитадан тыс адамдарға да қолжетімді ете түсті. Әліпби адамдардың өмір салтын, олардың ойлауы мен қарым-қатынасын өзгертті. Бұл тың жаңалық адамдардың жаңа коммуникациялық технологиялармен біз ойлағаннан әлдеқайда ертерек және басқа жерде тәжірибе жасағанын көрсетеді», — деді Джон Хопкинс университетінің археология профессоры Гленн Шварц.
Алдын ала болжамға сәйкес, жаңа табылған әліпби біздің заманымызға дейін шамамен 2400 жыл бұрын қолданыста болған. Демек, ол бізге мәлім әліпбилерден 500 жыл шамамасында бұрын қолданылған.
«Бұған дейін ғалымдар әліпбидің Мысырда немесе соған тақау маңда біздің заманымызға дейінгі 1900 жылдан кейін пайда болды деп санап келген еді», — деді Гленн Шварц.