Росбалттың SANA агенттігіне сілтеме жасап хабарлауынша, жарылыс жолаушылар Масьяф қаласына аттануға дайындалып жатқан кезде вокзал аумағында орын алған.
Еске салсақ, өткен жылдың 3 қазаны күні лаңкестер аталмыш қалада екі жарылыс ұйымдастырған болатын. Шабуыл үшін жауапкершілікті «Даиш» лаңкестік тобы өз мойнына алды.