Сирияның Хомс қаласында гуманитарлық көліктерді атқылады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Көтерілісшілер қадағалап отырған сириялық Хомс қаласының аудандарына кіреберісте гуманитарлық көмек тиелген көліктерге оқ жаудырылды.

Сириялық мемлекеттік БАҚ-тың хабарлауынша, бұл оқиға кезінде сириялық-араб «Қызыл Айының» төрт қызметкері жарақат алды. Сирия билігі бұл қастандықты көтерілісшілер жасады деп айыптап отыр.

Хомске гуманитарлық көмекті жеткізу шаралары үш күндік уақытша бітімнің аясында қарастырылған. Атап айтқанда, жақында Сирияның билігі мен оппозициясы арасында осындай келісім жасалған болатын.