Сирияның Идлиб қаласында қуатты жарылыс болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Сирияның солтүстік-батысындағы Идлиб қаласында қару-жарақ тиелген машина отқа оранып, содырларды қосқанда 50-дей адам қаза тапты, деп хабарлайды Аль-Маядин телеарнасы.

Телеарна мәліметінше, өртенген көлік «Джебхат ан-Нусра» лаңкестік ұйымына тиесілі.

Араб бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, Идлиб қаласы таяуда болған «Ахрар аш-Шаммен» арада болған қиян-кескі ұрыстардан кейін, толықтай «Джебхат ан-Нусраның» бақылауына өткен.

Өткен жұмада Рейтер агенттігі «Ахрар-аш-Шам» және «Нусра» топтарының содырлары Идлиб ауданында өзара оқ жаудыруды тоқтатуға дайын екендігін мәлімдеген болатын.

«Ахрар аш-Шам» саны бойынша Сириядағы ең ірі содырлар тобы болып саналады.