Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі осымен төртінші рет жыл үздігі атанды

Фото: Фото: СІМ баспасөз қызметі

 Бүгін Astana Media Week аясында журналистер арасында дауыс беру қорытындысы бойынша Қазақстанның сыртқы саяси ведомствосының баспасөз қызметі «Мемлекеттік органдар арасындағы ең үздік баспасөз қызметі» номинациясы бойынша тағы да марапатқа ие болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

Бұл марапатты ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі ақпарат және қоғаммен байланыс саласындағы нәтижелі жұмыс үшін, сондай-ақ стратегиялық коммуникацияны кәсіби тұрғыда жүзеге асырғаны үшін табыс етті.

Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі бұл номинацияда осымен төртінші рет жеңімпаз атанды — 2017, 2018, 2022 және 2023 жылдары марапатталған.

«Бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне Қазақстанның сыртқы саяси ведомствосының қызметіне тұрақты қолдау көрсеткені және шынайы қызығушылық танытқаны үшін шын жүректен алғысымызды білдіреміз» дейді СІМ баспасөз қызметі өкілдері.