Сиверс алмасы неге Қызыл кітапқа енгізілген сирек түр

АСТАНА. KAZINFORM — Сиверс алмасы қай қорықтар мен ұлттық парктерде өседі.

Фото: Экология министрлігі

Сиверс алмасы (Malus sieversii) – Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген сирек әрі құнды өсімдік түрі. Ол қазіргі алма сорттарының арғы тектерінің бірі ретінде ерекше ғылыми және генетикалық маңызға ие.

Фото: Экология министрлігі
Фото: Экология министрлігі

Қазақстанда Сиверс алмасының табиғи популяциялары негізінен Тянь-Шань мен Жетісу Алатауының таулы аймақтарында сақталған.

Фото: Экология министрлігі
Фото: Экология министрлігі
Фото: Экология министрлігі

Сиверс алмасы кездесетін ерекше қорғалатын табиғи аумақтар:

• Іле-Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі;
• Жоңғар Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі;
• Көлсай көлдері мемлекеттік ұлттық табиғи паркі;
• Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркі;
• Ақсу-Жабағылы мемлекеттік табиғи қорығы;
• Қаратау мемлекеттік табиғи қорығы.

Фото: Экология министрлігі
Фото: Экология министрлігі

Сиверс алмасының жабайы ағашы – жай ғана табиғи мұра емес, болашақ селекция үшін аса құнды генетикалық қор. Оларды сақтау биоалуантүрлілікті қорғаудың маңызды бағыттарының бірі болып саналады.

Фото: Экология министрлігі

Еске салсақ, Ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтановтың айтуынша, Талғардағы өңірлік филиалда жабайы Сиверс алмасының тұқымдарынан арнайы тұқымбақ құрылып, қысқы теліту әдісімен алғашқы көшеттер өсірілген. Биыл Помологиялық бақ аумағында 10 гектар жаңа апорт бағы отырғызылып, суару жүйесі жаңартылған әрі қажетті техника сатып алынған.