Шабуыл салдарынан сондай-ақ оның 22 жастағы ұлы ауыр жарақаттанған. Полицейлер адамды өлтіру оқиғасы діни сипатта болғанын анықтады.
The Indian Express газетінің хабарлауынша, жергілікті шенеуніктердің бірінің айтуына қарағанда, «жергілікті тұрғындардың арасында Ахлактың сиырларды сойып, оның етін өз үйінде сақтағаны туралы әңгіме жайылып кеткен». Полицияның ақпаратынша, бұл өсек-аяң жергілікті ғибадатханалардың бірінде таратылды.
Алайда қаза тапқан азаматтың отбасы үйлеріндегі тоңазытқышта сиыр етін емес, қой етін сақтап жүргенін айтқан. Полиция етті сараптамаға жіберді. Адам өлтіру күдігімен алты адам қамауға алынды, деп хабарлайды ВВС.