- Құрметті жерлестер! Бірнеше жыл бойы біз Шығыс Қазақстан облысының жоспарлы және серпінді әлеуметтік - экономикалық дамуы, тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыру сияқты ортақ мақсат-мүддені көздеп, бірге етене жұмыс істедік. Сіздермен жұмыс істеу мен үшін үлкен мәртебе болды. Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев айқындаған мемлекеттік саясатты тиімді іске асырудағы командамның бір бөлігі болғандарыңызға қуаныштымын. Біз бірге көп нәрсеге қол жеткіздік, - деп жазды ол әлеуметтік желідегі парақшасында.
Өз сөзінде ол шығысқазақстандықтарға баға жетпес еңбектері мен күш-жігері үшін алғыс айтты.
- Сіздер Шығыс Қазақстан облысы мен жалпы республиканың өркендеуі үшін табысты жұмысты жалғастыруға ықпал ететіндеріңізге сенімдімін. Алдағы уақытта да өңір
тұрғындарының игілігі үшін тың жобалар мен идеялардың іске асырылуына шын жүректен тілектеспін!, - деді Д.Ахметов.
Еске салсақ, бүгін Президент жарлығымен Даниал Ахметов ШҚО әкімі лауазымынан босатылған еді.
Оның орнына өңірді Ермек Көшербаев басқарды.
Даниал Ахметовтің ШҚО әкімі болғанда несімен есте қалғаны туралы да жазған болатынбыз.