«СК-Фармация» басшылығының өңірге жасаған сапарлары барысында нормативтік-құқықтық базаны жетілдіру қажетті туралы жиі мәселе көтеріледі. Бұл ең бірінші кезекте Үкіметтің №1729 қаулысына қатысты», - деді ол.
Оның атап өтуінше, аталған қаулы қабылданған сәттен бері 21 мәрте түзетулер енгізілген. Қазіргі уақытта бұл құжаттың жаңа редакциясын әзірлеу қажеттілігі туындап отыр.
«Сатып алуларды ұйымдастыру және жүргізуді жетілдіру мәселелерін жан-жақты талқылау үшін «СК-Фармация» ЖШС жанынан өкілетті органдарға ұсыныстар әзірлеп, енгізетін эксперттік кеңес құру ұсынылады», - деді басқарма төрағасының орынбасары.
М.Касаткиннің сөзіне қарағанда, аталған кеңестің құрамына Парламент депутаттарын, мемлекеттік органдардың, денсаулық қсатау ұйымдарының, жеткізушілердің өкілдерін, жетекші ғалымдар мен фармацевтика саласының сарапшыларын тарту көзделіп отыр.