«Астана мен Алматы қалаларында, облыс орталықтарында дәрі-дәрмектің азаймайтын қорын құру қажет. Бұл мәселе кешенді шешімдерді талап етеді. Біріншіден, бүгінгі күні біздегі аутсорсингте Алматы, Ақтөбе, Қарағанда, Қостанай және Шымкент қалаларында 5 негізгі қойма бар. Осы қоймаларда біз транзиттік қоймалардың көмегімен республиканың барлық басқа өңірлеріне медикаменттерді жеткізуді қамтамасыз етеміз. 2016-2019 жылдары ішінде біз мұндай қойманы барлық 16 өңірде құруға ниеттенудеміз», - деді ол.
М.Касаткиннің айтуынша, аталған қоймаларда дәрі-дәрмектердің таусылмайтын қоры сақталатын болады.
«Екіншіден, жоспарлау денсаулық сақтау ұйымдарында 2 айға жететіндей қор қалыптастыру мүмкіншілігімен жүзеге асырылуы тиіс», - деді басқарма төрағасының орынбасары.
Үшіншіден, оның сөзіне қарағанда, дәрі-дәрмектің азаймайтын қорын қалыптастыру бірыңғай дистрибьютордың қаржысы есебінен жүзеге асырылуы қажет.