«СК-Фармацияға» жүктелген тапсырыстардың бір бөлігі аймақтарға берілуі мүмкін - республикалық кеңес

None
АСТАНА. Сәуірдің 2-сі. ҚазАқпарат /Гүлмира Әлиакпарова/ - «СК-Фармация» жүктелген тапсырысты орындай алмаса, дәрі-дәрмектерді сатып алуды аймақтарға беру қажет. Бұл туралы бүгін ҚР Денсаулық сақтау министрлігінде Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесі мен Денсаулық сақтау ісін дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының жобасын талқылауға арналған республикалық кеңесте ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ербол Орынбаев айтты,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Е.Орынбаев кеңес барысында кепілдендірілген тегін медициналық көмек аясында дәрі-дәрмектердің 2010 жылғы көлеміне сатып алулар жүргізген «СК-Фармация» ЖШС-ның атқарған жұмысына қанағаттанбайтынын білдіріп, Денсаулық сақтау министрі Ж.Досқалиевқа бүгінгі күннің соңына дейін бұл мәселені дәрігерлермен кеңесіп, қажет болған жағдайда «СК-Фармацияға» тапсырылған препараттардың бір бөлігін аймақтарға беруді тапсырды.

СК-Фармация» бас директорының орынбасары Жанайдар Мусин баян еткендей, бүгінгі күнге дейін дәрі-дәрмектерді сатып алу бойынша жалпы сомасы 26 миллиард теңгеге барлығы 1161 келісімшартқа қол қойылды. «Бүгінгі күні компанияға сатып алу тапсырылған препараттардың 685 түрінің 608-і қоймаларға жеткізілді. Қалғандары жеткізілу үстінде», - дейді ол.

Ж.Мусиннің айтуынша, жеткізушілердің кінәсынан қазіргі уақытта мемлекеттік тапсырыстың тек 60 пайызы ғана орындалды. Препарттардың қалған 40 пайызы, оның сөзіне қарағанда бірыңғай дестрибьютордың қоймасында тұр. Кедендік ресімдеулер аяқталғаннан кейін, алдағы 10 күннің ішінде олар да аймақтарға жеткізілетін болады.