Скандинавияның солтүстігінде құралған антициклон еліміздегі ауа райына әсер етеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Скандинавияның солтүстігінде құралған антициклон, оңтүстік-шығыс бағытта баяу жылжып барады, және демалыс күндері Қазақстанның батыс және солтүстік облыстарының ауа-райына әсерін тигізеді, деп хабарлайды Қазгидромет.

Ол жерлерде жауын-шашынсыз, аздаған бұлт, түнгі температура 2-13º суық болуы күтілуде, бұл климаттық нормадан 3-5º төмен болып табылады. Еліміздің орталық аймақтарының кей жерлерінде демалыс күндерінде тұман сақталады. Шығыста - жауын-шашын, жаңбыр, сенбі мен дүйсенбі аралығында қар күтіледі. Бұл жерлерде де түнгі суық 0-ден 11º деңгейінде күтілуде. Оңтүстік және оңтүстік-шығыста демалыс күндері жауын-шашынды, кей жерлерде нөсер болуы мүмкін. Оңтүстік-шығыста жауын-шашынды ауа-райы дүйсенбіге дейін сақталады, түнгі температура 0-5º жылылыққа дейін төмендейді, кей жерлерде 5º суыққа дейін төмендеуі мүмкін. Күндізгі температура жауын-шашынды 5-13º жылы болады. Бұл да нормадан 3-5º төмен.