«Скат» әуе компаниясының ұшағы апатты жағдайда Зеренді ауданы аумағына қонды - Ақмола облысы

Фото: None
АСТАНА. 9 қараша. ҚазАқпарат - Ақмола облысы Зеренді ауданы Ивановка ауылынан 2 шақырым қашықтықта қозғалтқышының техникалық ақауларына байланысты (қысымның төмендеуі)

«Скат» әуе компаниясының АН-2 бортты (санитарлық рейс, «Көкшетау-Степногорск» бағдары) ұшағы апатты жағдайда қонды.

Бұл туралы ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен хабарлайды.

Бортта экипаждың 2 мүшесі, 2 дәрігер және 1 науқас болған. Зардап шеккендер жоқ.