«СКАТ» ұшу қызметі директорының үстінен қылмыстық іс қозғалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Алматы түбінде әуе апатынан 16 жолаушы мен 5 экипаж мүшесі қаза табуына байланысты 2015 жылдың 10 қаңтарында «СКАТ» әуе компаниясы» АҚ-ның ұшу қызметі директорына қатысты қылмыстық іс қозғалды.

ҚР Бас көлік прокуратурасы 2013 жылдың қаңтар айында Алматы облысында 16 жолаушы мен 5 экипаж мүшесінің қаза табуына себеп болған «СКАТ» әуе компаниясы» АҚ-ның «CRJ-200» маркалы ұшағының апатқа ұшырау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдарының аяқталғанын хабарлады. Ведомствоның атап өтуінше, апаттың орын алуына ұшу экипажының дұрыс іс-қимыл жасамауы себеп болған.

«Қазақстан Республикасы Қылмысты кодексінің 344 бабының 3 бөлігімен күдікті ретінде танылған Әуе компаниясының ұшу қызметі директорына қатысты қылмыстық іс 2015 жылғы 10 желтоқсанда Алматы қаласы Алмалы аудандық сотына жолданды», - делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, 2013 жылдың 29 қаңтарында «СКАТ» әуе компаниясының «Көкшетау-Астана» рейісін орындайтын CRJ-200 ұшағы Алматыға жете бере апатқа ұшыраған болатын. Соның салдарынан 21 адам, оның ішінде 16 жолаушы мен 5 экипаж мүшеі қажа тапқан еді.