Тұрсынбаева қысқа бағдарламаны алтыншы орында аяқтаған болатын. Төрешілер оған 61.19 ұпай берген. Еркін бағдарламаны бесінші нәтижемен аяқтап, 124.52 ұпай жинаған. Бұл бағдарламада ресейлік Медведева үздік атанды (137.08 ұпай), екінші орынды Жапония спортшысы Мако Ямашита алды (136.76). Үшінші орынды 129.10 ұпай жинаған ресейлік Елизавета Тухтамышева еншілеген.
Екі бағдарлама қорытындысы бойынша жарысты Тухтамышева жеңіп алды (203.32 ұпай). Ямашитаның қанжығасында 203.06 ұпай және үшінші орын. Ресей спортшысы Медведева бұл бәсекеде 197.91 ұпай жинап, үшінші болды.
Тұрсынбаева 185.71 ұпай жинап, бесінші орынға тұрақтады.