АСТАНА. ҚазАқпарат - Канаданың Лаваль аймағында өтіп жатқан Skate Canada Гран-при турнирінде қысқа бағдарламадан отандасымыз Элизабет Тұрсынбаева əзірге 6-шы орында келеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
ҚР Ұлттық олимпиада комитеті баспасөз қызметінің хабарлауынша, қазақстандық спортшы 61.19 ұпай жинады. Ал бірінші орында ресейлік Елизавета Туктамышева тұр. Ол қысқа бағдарламаны таза орындап, 74.22 ұпай жинады.
Екінші орында жапониялық Вакаба Хигучи (66.51), үшінші сатыда тағы бір жапондық Мако Ямашита (66.30) тұр.
Айта кетелік, қысқа бағдараламадан соң Элизабет Тұрсынбаева екі дүркін əлем чемпионы, ресейлік Евгения Медведевадан да биік тұр.
Бағдарламаны орындау кезінде құлап қалған Медведева жетінші орында.
Күнсұлтан Отарбай
Еуразия Ұлттық университетінің түлегі. Республикалық «Қазақ спорты», «Sport» газеттерінде қызмет атқарған.
2014 жылғы Сочи, 2016 жылғы Рио-Де Жанейро, 2017 жылғы Инчхон және 2024 жылғы Париж Олимпиадасында, сонымен қатар бір қанша Қысқы және Жазғы Азия ойындарынан, әлем біріншіліктеріне барып тікелей хабар таратқан журналист.
Сейдақмет Бердіқұлов атындағы арнайы сыйлықтың лауреаты.