«Бұл оңайға соқпайды. Екі команданың да келесі айналымға өтуге мүмкіндігі бар. Егер біздің мүмкіндігіміз аз десеңіздер қателесесіздер. Біз «Қайратпен» ойынға әзірміз. Әрине, олар ойыншыларды жақсы іріктеп, екі рет «Атлантасты» сенімді түрде жеңді. Біз Қазақстанда жеңіске қол жеткізуге бар күшімізді саламыз, - деді И. Дайя.
Айта кетейік, «Қайрат» - «Скендербеу» алғашқы матчы Алматыда 13 шілдеде, қарымда ойын - 20 шілдеде Албанияның Корча қаласында өтеді.