Əскери сотқа түскен азаматтық шағымдардың көбі тұрмыстық дауларға қатысты болған

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының Əскери соты жыл басынан бері 1730 азаматтық өтініш қабылдаған. Соның ішінде 1646 азаматтық іс қозғап, 1294 шешім шығарған. Азаматтық даулардың көбі тұрғын үй жəне тұрмыстық мəселелерге қатысты болған.

"Азаматтық істердің көбі тұрмыстық даулар деуге болады. Бірі - жекешелендірілмеген баспана үшін өтемақы сұраса, енді бірі жекешелендіруге рұқсат бермеген лауазым иелері мен мемлекеттік органдардың үстінен шағым түсірген. Сонымен қатар еңбек даулары да кездеседі. Бұл істер туралы ақпарат əскери соттық сайтында да жарияланып отырады, сондықтан сот шешімімен келіспеген кез келген тарап электронды түрде шағым-арыз түсіре алады. Бұл бір жағынан уақыт үнемдесе, екінші жағынан екі тараптың да материалдық шығындарын азайтады",- деп хабарлайды соттың баспасөз қызметінен. Дереккөзге сүйенсек, тоғыз ай ішінде əскери соттың апелляциялық алқасы 20 азаматтық істі қайта қарап, 17 іс бойынша шешім өзгерткен. Кассациялық алқа 32 өтінішті дəйкесіз деп тауып, 14 іс бойынша шешім өзгерткен.