Олар HIRISE (High Resolution Imaging Science Experiment - MRO 3 камераларының бірі) сайтында жарияланды, деп хабарлады Лента.ру.
Бұл модульдің сәтсіз қонуынан кейін HIRISE арқылы жоғары дәлдікпен түсірілген алғашқы суреттер. Алдын ала болжам бойынша, онда парашют пен «Скиапарелли» жылуқорғағыш экранының сынықтары, сонымен қатар жарылыс және кратердің құлауы салдарынан болған іздер байқалды.
Сонымен қатар, бірнеше қара дақ көрінеді. Ғалымдар, әзірге, оны түсіндіре алмай отыр. HiRISE-пен жұмыс істейтін ғылыми топ басшысы Альфред Макьюэннің сөзіне қарағанда, суреттен жоғары жылдамдықпен (300 км/сағат) құлағанын аңғаруға болады.