Скиф алтындарының коллекциясы қырым мұражайларынан Амстердамдағы Аллард Пирссон археологиялық мұражайына ақпан айының басында Қырым Ресейге қосылудан бұрын әкетілген болатын. Бүгінде мұражай экспонатын украин тарабы өздеріне меншіктеуде.
Украина мәдениет министрлігі коллекция Киевке қайтарылады, өйткені Украинаның мемлекеттік меншігі болып танылды деп мәлімдеді.
«Мен мұны қуаттай алмаймын. Біз істің заңдық жағын зерделеудеміз. Шешім қашан қабылданатынын кейінірек айтамыз», - деді агенттік сұхбаттасушысы украин тарапының коллекция Киевке берілетіні туралы ақпаратына түсініктеме бере келіп.
Бұдан бұрын РФ Мәдениет министрі Владимир Мединский Нидерландыдағы скифтердің Қырымдағы алтындары көрмесі қыркүйекке дейін ұзартылғанын мәлім етті.
Қырым және түбектегі Севастополь қаласы 16 наурыздағы референдумнан кейін Ресей аймағына айналды, онда тұрғындар РФ құрамына қосылуды жақтаған болатын.