skills.enbek.kz онлайн оқыту платформасы бұрынғыдан да ыңғайлы болды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2022 жылғы 9 наурыздан бастап skills.enbek.kz онлайн режимде кәсіптік оқыту платформасында қолданыстағы функционал оңтайландырылды және жаңа сервистер іске қосылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы 2021 жылғы 1 қыркүйектегі «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауында коронавирус инфекциясының таралуынан туындаған дүниежүзілік пандемия еңбек нарығының айтарлықтай өзгеруіне әкелгенін атап өтті. Көптеген жаңа кәсіптердің пайда болуы, көптеген процестерді автоматтандыру және цифрландыру аясында жеке бәсекеге қабілеттілік жаңа кәсіптерді бірнеше рет қайта даярлау және дамыту арқылы қамтамасыз етілуі мүмкін.

Қазақстандықтарға кәсіби өсу және дағдыларды арттыру мүмкіндіктерін қамтамасыз ету үшін Платформада курстарды іздеу жетілдірілді, сабақтардың түсінікті құрылымы құрылды, оқыту процесін қадағалау және курс авторларымен жылдам өзара іс-қимыл жасау мүмкіндігі бар.

Платформаны пайдаланушылар енді курстардың және білім алушылардың саны, берілген сертификаттар, рейтинг және курс тыңдаушыларының пікірлері туралы ақпарат берілген автордың профилімен таныса алады.

Курс авторлары үшін ыңғайлы сабақ құрастырушы қол жетімді, жарияланған курстардың статистикасы мен тиімділігін қарау, сертификаттардың әр түрлі дизайны қарастырылған, сонымен қатар оқу құнын алдын-ала есептеуге арналған онлайн-калькулятор бар.