СҚО: 20 жастағы жігіт суға кетіп, ажал құшты
18:08, 12 Шілде 2018
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Соңғы тәулік ішінде Солтүстік Қазақстан облысында тағы бір адам суға кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Облыстың Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 20 жастағы жігіт М. Жұмабаев ауданындағы Пролетарка ауылының жасанды су қоймасына батып кеткен.
«Қайғылы оқиға қауіпті әрі тыйым салынған жерде шомылғандықтан болып отыр. Куәгерлердің айтуынша, жігіт мас күйінде суға түскен. Ол - жыл басынан бері ажалы судан болып отырған осымен бесінші адам», - дейді баспасөз қызметіндегілер.