«Облыс экономикасы дамыту үшін Қытайдың 40-тан астам ірі өңдеуші кәсіпорындарын тартқымыз келеді. Сондай-ақ өңдеуші сала, машина жасауда ынтымақтастық туралы келісімге келуді көздейміз. Бұл Қытайдан қосымша инвестиция тартуға және екі арасындағы тауар айналымын ұлғайтып, қосымша жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік жасайды», - деді СҚО әкімінің орынбасары Дәурен Жандарбек.
«Біз Қазақстанға өз технологияларымыз бен жабдықтарымызды әкелгіміз келеді. Сөйтіп тараптарға тиімді мүмкіндіктерді ашқымыз келеді», - деді «Луань» компаниясының атқарушы директоры Лю Цзюнь.
Айта кетейік, «Луань» тау-кен компаниясы Шаньси провинциясының бес ірі көмір корпорацияларының бірі. Компанияның жылдық айналымы 20 млн юань.