Бiрiншi мәселе бойынша қаржы басқармасының басшысы Ескен Әкiмжанов баяндады.
2016-2020 жылдарына Солтүстiк Қазақстан облысының бәсекеге қабiлеттi ортаға тапсыруға ұсынылған ұйымдарының қатарына 35 ұйым қосылған болатын. Олардың 23-i коммуналдық кәсiпорын мен «Солтүстiк» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы» ҰК» АҚ-на 12 еншiлес, тәуелдi кәсiпорын бар», - дедi Ескен Мырзахметұлы.
Үстiмiздегi жылдың 13-шi ақпанына дейiн коммуналдық меншiкте 214 коммерциялық ұйым бар, олардың iшiнде денсаулық сақтау саласында 31 кәсiпорын, спортта - 9, бiлiм саласында - 113, мәдениет саласында - 32, ветеринария саласында - 14, тұрғын үй - коммуналдық шаруашылық саласында - 3, сондай-ақ 12 өзге де ұйым бар.
Бұл мәселе бойынша облыс әкiмi әр нысан бойынша жоспар дайындап, әр айдың басында аппараттық кеңесте нәтижелерi бойынша есеп берудi тапсырды.
М.Қозыбаев атындағы СҚМУ ректоры Серiк Өмiрбаев екiншi мәселе бойынша баяндады.
Оның ақпараты бойынша, бүгiнгi күнi университет ғалымдары 14 ғылыми жоба бойынша жұмыс жасауда. Зерттеу жұмыстары ауыл шаруашылығы, ақпараттық және телекоммуникациялық технологиялар, экологиялық таза азық-түлiктердi шығару, табиғи ресурстарды тиiмдi пайдалау, энергетика мен машина жасау, химия мен химия өнеркәсiбiнде, дәрiлiк және биологиялық белсендi дәрi-дәрмектер, астрофизика мен физикада, тарихта, археологияда, философияда, саясаттану саласында жүргiзiледi.
«Барлық ғылыми зерттемеде зерттеменiң өзi емес, оның тәжiрибеде қолданылуы маңызды», - дедi Ерiк Сұлтанов.