СҚО әкімі аймақтағы бала туу деңгейін көтеруді тапсырды
онда депутаттар негізгі үш мәселені, екі аймақтық бағдарламаның жүзеге асырылуы мен 2009 жылғы облыстық бюджеттің атқарылуын қарады.
Нәтижелі шешімді қажет ететін өзекті мәселелердің арасында ауыз судың сапасы, жергілікті маңызға ие автожолдардың жағдайы, дәрігерлер мен мұғалімдердің аздығы, кейбір елді мекендерде мәдениет үйлерінің жоқтығы бар.
Облыстық бюджетті атқару мен құру мәселелерін қарау барысында алдыңғы жылмен салыстырғанда былтыр облыстық бюджеттің 1,2 есеге өскендігі аталып өтілді.
Сессия жұмысына қатысқан облыс әкімі Серік Біләлов өз сөзінде аймақта шешімін күтіп тұрған бірқатар негізгі міндеттерді атады. Оның бірі - бала туудың санын арттыру. Бала туу деңгейі бойынша облыс елде соңғы орында тұр.
Осыған байланысты аймақтық бағдарлама жасалып жатыр, бағдарлама бойынша төрт және одан да көп бала дүниеге келсе, депозит ашылып және әрбір балаға бюджеттен 1,5 мың доллар көлемінде ақша аударылатын болады. Сондай-ақ бала асырап алу бағдарламасына қатысты мәселелер шешімін таппақ.
Сессия жұмысының барысында депутаттар күнтәртібіндегі 15 мәселені қарап, тиісті шешім қабылдады.