Қытайда еркін күрестен өтіп жатқан Азия біріншілігінде солтүстікқазақстандық балуан Нұрқожа Қайпанов алтын медаль алды. 70 келіге дейінгі салмақта күресетін ол финалда жапониялық Кожиро Шигамен кездескен болатын. Қазақ балуаны қарсыласын 9:0 есебімен таза жеңді.
Спортшыны атаулы жеңісімен фейсбуктегі жеке парақшасында СҚО әкімі Құмар Ақсақалов құттықтады.
«Солтүстікқазақстандық балуан Нұрқожа Қайпанов еркін күрестен Азия чемпионы атанды. Бұл облыс тарихында еркін күрестен қоржынға түскен алғашқы алтын жүлде. Нұрқожаны, оның бапкерін және бүкіл солтүстікқазақстандықтарды маңызды жеңіспен құттықтаймын!», - деп жазды Құмар Ақсақалов Фейсбук желісінде.