АСТАНА. ҚазАқпарат - Биыл Солтүстік Қазақстан облысында 630 мектепке дейінгі мекеме орнын пайдалануға беру жоспарланған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Биыл білім беру саласындағы 3-6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі мекемелерде орынмен қамтамасыз ету мәселесі шешілді. Мектепке дейінгі 630 жаңа орынды пайдалануға беру жоспарланып отыр», - деді СҚО әкімі Құмар Ақсақалов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.
Оның айтуынша, білім беру нысандарына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін биыл облыстық бюджеттен 456,7 млн теңге бөлінген.
Айжан Серікжанқызы
Айжан Серікжанқызы Қасым Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Журналистика және саясаттану факультетінің түлегі. Мамандық бойынша РФ Татарстанның Қазан қаласында, Польшаның Вроцлав қаласында тағылымдамадан өткен. 2017 жылдан бері ҚазАқпарат агенттігінде жұмыс істейді.