СҚО әкiмi балаларға пони сыйлады

None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат  - Петропавл IIБ кавалерия взводының базасы тiрек-қимыл аппараты зақымданған балаларға иппотерапия курстарын өткiзу алаңына айналды, деп хабарлайды СҚО әкімдігінің ресми сайты .

Жуырда болған жұмыс сапарында өңір басшысы Құмар Ақсақалов балалармен тiлдесiп, иппотерапияның пайдалы тұстарын айтқан болатын. Әңгiме барысында балалар облыс әкiмiнен пони алуға көмектесудi сұраған еді. Өйткенi, ерекше балаларға кәдiмгi атқа мiнуге қиынға соғады.

Мiне, жаңа жыл қарсаңында балалардың тiлегi орындалды. Курстың қатысушылары екi бiрдей пониға ие болды. Ендi иппотерапия курсы одан әрi пайдасын тигiзiп, қызықты өтетiн болады.

Бүгiн иппотерапия курсына тiрек-қимыл аппараты зақымданған балаларға арналған интернаттың тәрбиеленушiлерi және ата-ана қамқорынсыз қалған балалар келдi. Бұдан былай курсқа бүкiл балалар да келе алады.