СҚО әкімі коммуналдық техниканың қысқа әзірлігін тексерді
19:53, 19 Қазан 2016
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Петропавлда сәрсенбіде жол тазалау техникаларының әзірлігі тексерілді, - деп хабарлайды ҚазАқпарат СҚО әкімнің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Көрмеге СҚО әкімі Ерік Сұлтанов келді. Өңір басшысы Петропавл көшелерін қыста тазалықта ұстайтын коммуналдық техникалардың әзірлігін тексерді.
«Біз қысқа техниканы алдын ала дайындаймыз, жөндейміз. Ертең қарды тиеп, тазалауға шығаратын боламыз. Бүгін жолға тұз араласқан құм төсеу жұмыстарын бастадық», - деді «Су-808» ЖШС директоры Вячеслав Старухин.
Осы қыста облыс орталығында қарды тасу, тазалау, көктайғаққа қарсы материалдармен өңдеу жұмыстарын 7 кәсіпорын жүзеге асырады.
Бұл компаниялардың базасында 169 бірлік техника бар.