СҚО әкімі өңірде құрылыс материалдарын шығару ісін қолға алуды тапсырды

Фото: None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов өңірде құрылыс индустриясын дамыту керек деген пікірде, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыс әкімдігінде өткен мәжіліс барысында өңір басшысы құрылысматериалдарының сырттан тасымалданатынына қынжылыс білдірді. Құмар Ақсақаловтыңпікірінше, құрылыс материалдарын елімізде өндіру керек. Оның үстіне өңірде құрылысқарқыны жыл сайын үдеп барады.

«Бәрін сырттан әкеліп жатырмыз.Тіпті қиыршық тастың өзі 90% басқа жақтан жеткізіледі. Ендіқұмды сырттан әкелетін болсақ тіпті керемет болады. Шатырға қажетті материал дажоқ. Енді қараңызшы, неге тұрғын үйдің әр шаршы метрі удайқымбат. Жеке құрылыс компаниялары коммерциялық құрылыс салуға ынтасыз.

Индустриалды-инновацилықдаму саласының басты міндеті, құрылыс басқармасымен бірлесіп, осы мәселені шешу.Нақты ұсыныстар беріңіздер. Қазір құрылыс материалдарына деген сұраныс күшті.Ал біз қаржыны өзге өңірлерге беріп жатырмыз»,-деді облыс әкімі.

Әкімдіктіңмәжжілістерінің бірінде Статистика департаментінің жетекшісі Марал Нұржауповабірінші жартыжылдықта құрылыс-монтаждау жұмыстарының көлемі оның алдындағыжылмен салыстырғанда 6% ұлғайғандығынайтқан болатын. Құрылыс көлемінің деңгейі Петропавл қаласы мен облыстың 9ауданында ұлғайған.

Жарты жылішінде өңірде жалпы аумағы 67 мың шаршы метрді құрайтын 548 пәтер пайдалануғаберілген. Бұл 2018 жылғы көрсеткіштен 12% көп.

Соңғы жаңалықтар