СҚО әкімі орман өрттерінің алдын алуды тапсырды

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің отырысында орман өрттерін болдырмауға бағытталған іс-шаралардың жүзеге асуы талқыланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат әкімнің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жылбасынан бері облыста 20 орман өртітіркелген.Өрттің тарауына минералды жолақтардың сәйкес келмеуі немесе оның жоқтығы даәсер етеді. Бұл бағытта жұмыстардың уақтылы жүргізілмеуі алаңдаушылық туғызады.

«Тиісті жұмыстарды атқармаған басшылар туралы мағанақпарат беріңіз. Оларды жазалаймыз. Аудан әкімдерімен қажетті іс-шаралардыатқарыңыздар. Кейін маған баяндаңыз», - деді облыс әкімі Құмар Ақсақалов өңірлік ТЖД басшысы Рамиль Камаловқа бергентапсырмасында.