СҚО әкімі спорт клубтарына легионерлер тартуға тыйым салды

Фото: None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов сырттан легионерлер шақырмай, жергілікті спортшыларды тәрбиелеуді тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгін облыстықәкімдіктің отырысында спортты дамыту мәселесі сөз болды. Өңір басшысы ҚұмарАқсақаловтың айтуынша, бүгінде барлық клубтарға спортшылар сырттан шақырылады. Жақсыкөрсеткіштерге жергілікті спортшылармен де қол жеткізуге болады.

«Мәселені барлықклубтарға легионерлер шақырумен шешіп келеміз. Менің пікірімше, бұл дұрыс емес.Көп болса сырттан бір-екі ғана спортшы шақыра аламыз. Қалғаны өзіміздікі болуықажет. Шебер спортшыларды тәрбиелеу – сіздердің міндеттеріңіз. Рейтингтен түсіпқалсақ ештеңе етпейді. Жоғары лигада ойнамасақ – біздің деңгейіміздің солболғаны. Легионерлер алуға тыйым саламын. Бізге бір жылға ғана келетін адамғақыруар қаржы төлейміз. Бюджеттеріңізді қайта қарастырып, ол ақшаны өзіміздіңспортшыларға беріңіздер», - деді Құмар Ақсақалов.

Дене шынықтыру жәнеспорт басқармасының басшысы Руслан Есеналиннің айтуынша, клубтарда жергіліктіспортшылардың санын арттыру бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Қазір оларда 924спортшы тіркелсе, оның 855-і жергілікті, 65-і басқа қаладан келген, 4-еуі – легионер.

«Барыс» баскетболклубында, «Қызылжар арландары» спорттық жекпе-жек клубында, «Тұлпар» ұлттық атспорты клубында, А.Винокуров атындағы велоклубта және «Үміт» мүмкіндігішектеулі жандардың клубында қазір 100% өзіміздің споршылар өнер көрсетіп жүр»,- деді Руслан Есеналин.

Бүгінде СҚО-да 9спорт клубы бар. Олар футбол, волейбол, шайбалы хоккей, баскетбол, велоспорт,ұлттық ат спорты, жекпе-жек және мүмкіндігі шектеулі жандар арасындареспубликалық және халықаралық жарыстарда өңір және ел намысын қорғап жүр.



Соңғы жаңалықтар