СҚО әкімі тұрғындарды сапасыз жөнделген жолдар туралы хабарлауға шақырды

Фото: None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов тұрғындарды жолдардың сапалы жасалуын бірге қадағалап, қоғамдық бақылауға атсалысуға шақырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО әкімі Құмар Ақсақалов пен «Жол активтерісапасының ұлттық орталығының» басшысы Замир Сағынов жол материалдарының сапасынтексеретін зертханаға барды.


Биыл облыстағы жолдарды жөндеуге қомақты сома - 37млрд теңгебөлінді. Тиісінше,атқарылып жатқан жұмыстарға қатаң бақылау қажет. Зертханалық бақылау жүйелітүрде жүргізілмек. Бұрын бұл жұмыспен республикалық жолдар ғана қамтылса, биылоблыстық трассалардың сапасы да тексерілетін болады.

Сондай-ақ облыс әкімі тұрғындарға үндеу тастады.


«Техникалық мүмкіндіктермен қоса, қоғамдық бақылаудыкүшейту керек. Қазір көбінде гаджеттер бар. Жолдың сапасыз салынып жатқанын көрсеңізфотоға түсіріп, қай жер екенін айту керек. Жақында ғана салынып, бұзылабастаған жолды көрсетіңіздер. Барлық материалдарды СҚО әкімдігінің сайтындағы«Халықтық бақылау» бөліміне жолдау қажет. «Қызылжар – адалдық алаңын» дақолдануға болады. Біз тиісті шаралар қолданамыз», - деді Құмар Ақсақалов.

Соңғы жаңалықтар