16:00, 21 Мамыр 2025
СҚО әкімі: Теріскейдің басты проблемасы — көгілдір отынның жоқтығы
ПЕТРОПАВЛ. KAZINFORM — Солтүстік Қазақстан — еліміздің азық-түлік қауіпсіздігіне жауапты басты аймақтардың бірі. Өңірдің өзекті мәселелері, шешілуді қажет ететін түйткілдері де бар. Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетовпен болған сұхбат барысында өңірдің даму барысы ғана емес, ұлттық құндылықтарға деген көзқарасы және өмірлік ұстанымы да сөз болды.