СҚО әкімдігінің экономика басқармасын енді Наталья Дышкант басқарады
ПЕТРОПАВЛ. KAZINFORM — Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің өкімімен Наталья Дышкант экономика басқармасының басшысы болып тағайындалды.
Наталья Дышкант 1970 жылы бұрынғы Көкшетау облысы Куйбышев ауданы Червонное елді мекенінде дүниеге келген.
1989 жылы Целиноград қаржы-экономикалық техникумын;
2004 жылы қаржы және несие мамандығы бойынша Көкшетау экономика және менеджмент институтын бітірді.
Техникумды аяқтағаннан кейін 1989 жылдан 2014 жылға дейін Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның қаржы бөлімінде штаттық инспектор, бас бухгалтердің орынбасары, жетекші маман, бас маман, басшының орынбасары, бөлім басшысы болып еңбек етті.
2015-2019 жылдары СҚО қаржы басқармасы басшысының орынбасары болды.
2019 жылдан бастап осы күнге дейін қаржы басқармасын басқарды.
Бұған дейін Қызылорда облысының сот әкімшілігі департаментіне жаңа басшы келгенін жазған едік.