Ол 1981 жылы СҚО Ақжар ауданы Талшық ауылында дүниеге келген, жоғары қаржылық бiлiмi бар.
2001 жылы Көкшетау есеп-сауда колледжiн қаржы мамандығы бойынша бiтiрген;
2012 жылы «Көкше» академиясын «Қаржы» мамандығы бойынша тәмамдады.
Еңбек жолын 2004 жылы Ақжар ауданы Талшық ауылдық округiнiң маманы болып бастады.
2012-2015 жылдары аралығында Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлiгi Статистика комитетi СҚО статистика департаментiнiң Ақжар ауданы статистика басқармасының басшысы лауазымын атқарды.
2015 жылдан 2021 жылға дейiн ҚР Ұлттық экономика министрлiгi Статистика комитетi Солтүстiк Қазақстан облысының статистика департаментi басшысының орынбасары болды.
2021 жылдан осы тағайындауға дейін СҚО әкiмдiгiнің экономика басқармасының басшысы лауазымын атқарды.
Бұған дейін СҚО әкімдігінің экономика басқармасын енді Наталья Дышкант басқаратынын жазған едік.