СҚО АҚШ-тың аграрлық саладағы үздік технологияларын енгізуге мүдделі

Фото: None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов АҚШ-тың Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Уильям Мозермен кездесіп, серіктестік мәселелерін талқылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО әкімі баспасөз қызметініңхабарлауынша, кездесу барысында ауыл шаруашылығы тақырыбына, аграрлық техникажасау, өнімді қайта өңдеуге баса назараударылды.

«Біздіңжеріміз құнарлы, осы ерекшелігін дұрыс пайдаланған жағдайда жақсы өнім алуғаболады. Облыстың әлеуеті жоғары, оны үздік технологияларды енгізу, білікті кадрларды жұмысқатарту арқылы дамыту қажет. Ғылым бір орында тұрмайды, біз агроөнеркәсіпкешеніндегі заманауи үрдіске ілесіп отыруымыз қажет. Өңірде жаңатехнологияларды, техниканы қолдану, мамандарды арнайы дайындықтан өткізу ауыл шаруашылығы өнімінің көлемінарттырады», - деді Құмар Ақсақалов.

АҚШ елшісіУильям Мозердің пікірінше, екі жақты қарым-қатынастың болашағы зор.

«СолтүстікҚазақстан облысы бізді ерекше қызықтырады. Өйткені, еліміздегі Дакота сияқтыштаттармен климат жағынан өте ұқсас. Біздің шаруалардың жермен жұмыс істеудетәжірибесі жоғары. Өзіміздің үздік технологияларды сіздерде енгізуге әбденболады. Бірлескен бизнес жобаларды жүзеге асыруға барынша қолдау көрсетеміз», -деді АҚШ елшісі.

СолтүстікҚазақстан облысының АҚШ-пен қарым-қатынасы дамып келеді. Өңірде америкалық ауыл шаруашылығытехникасы үлкен сұранысқа ие. Биылғы жылдан бастап АҚШ-қа солтүстікқазақстандықкілегей экспортталады. Гуманитарлық салада да байланыс орнаған.

Соңғы жаңалықтар