«Қазақстан» спорт кешенінің автотұрағында өтетін жәрмеңкеге Солтүстік Қазақстан облысының барлық аудандары мен Петропавл қаласынан 115 кәсіпорын қатысады. 100-ден астам өнім түрі саудаға шығарылады.
Екі күн өтетін жәрмеңкеге 725 тонна көлемінде азық-түлік тауары әкелінеді.
Ауыл шаруашылығы өнімдерінің ішінде - сиыр, жылқы, қой, құс және шошқа еті, шұжық өнімдері, қалбырдағы ет бар. Сол сияқты кондитер, макарон бұйымдары, құрт, сүт өнімдері, қымыз, бал, ұн, картоп және көкөніс.
Жәрмеңке таңғы сағат 9:00-ден күндізгі 16:00-ге дейін жұмыс істейді. Әкелінген өнімдердің бағасы Астана базарларындағы бағадан 15-20%-ға арзан болады.
Жәрмеңкеге келушілерге өңірлік өнер ұжымдары концерт қояды.