Оқиғаға қатысты облыстық білім басқармасы түсініктеме берді.
Ведомствоның баспасөз қызметі хабарлағандай, шатыр жартылай опырылған.
Акт залы Тоқушы мектеп-гимназиясының ғимаратына жапсарлас орналасқан. Зардап шеккендер жоқ.
«Оқиға орнына уәкілетті органдардың басшылары барды. Мән-жайды анықтау және шара қабылдау үшін арнайы комиссия құрылды. Алдын ала себеп – іргетастың шөгуі және шатырдан судың ағуы. Биыл әкімдік мектепті жөндеуге қосымша қаражат бөліп, бас мектептің шатырын, акт залы мен интернат ғимаратының шатырын ауыстыруды көздеп отыр», - деді баспасөз қызметі.
Мектеп-гимназияда 293 оқушы білім алады. Мәселе шешілгенше олар қашықтан оқиды.
Иллюстрациялық сурет