Солтүстік Қазақстан облыстық ветеринария басқармасы басшысының міндетін атқарушы Берік Әлжановтың айтуынша, мұндай жағдайлар бірен-саран кездеседі. Карантин кезінде елді мекеннен құстарды алып кетуге тыйым салынады.
«Қорқатын ештеңесі жоқ. Ережеге сәйкес, аталған елді мекенге шектеу орнатуымыз қажет. Құстардың өлім-жітімі тоқтады. Дезинфекциялау, механикалық тазалау жұмыстары жүргізілді», - дейді Б. Әлжанов.
Ветеринарлар құстардың вирустық ауруы болып табылатын Ньюкасл ауруы зақымдалған жұмыртқалар арқылы келуі мүмкін деп болжап отыр.
Вирус адам денсаулығына ешқандай қауіп төндірмейді.