Дәрі-дәрмекті алып-сатудың жолын кесу үшін Солтүстік Қазақстан облысы бойынша экономикалық тергеу департаменті мен СҚО полиция қызметкерлері бірлесіп, жедел-іздестіру шараларын жүргізді. Оның барысында облыстың бір ауылында орналасқан заңсыз дәріхананың қызметі тоқтатылды.
Дәріхана пункті азық-түлік дүкенінде міндетті лицензиясыз жұмыс істеп, бірқатар дәрі-дәрмекті сәйкестік сертификатынсыз сатып келген.
Алдын ала есеп бойынша, шамамен 1 миллион теңгеден астам сомаға 438 дәрі-дәрмек тәркіленді.
Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүріп жатыр.