СҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, жаңадан ашылған өрт сөндіру бекеті Боголюбово селосынан басқа жақын маңдағы Вознесенка және Надежка елді мекендерін қамтиды. Бұл ауылдарда қазір 2 мың 307 адам тұрып жатыр. Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының өрт сөндіру бекеттерін құру бойынша 2019-2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары бар.
Өрт сөндіру бекетінің салтанатты ашылу рәсіміне департамент басшылығы, Қызылжар аудандық әкімдігі өкілдерінен басқа ауыл тұрғындары да қатысты.
«Облыстың шалғай елді мекендерінде өрт сөндіру бекеттерінің ашылуы өрт сөндіру кезінде мамандардың жұмысын жеңілдетіп қана қоймай, олардың жұмыс тиімділігін арттырады. Оқиға орнына жылдам жеткен өрт сөндірушілердің тұрғындардың өміріне араша түсіп, олардың дүние-мүлкін аман алып қалуға мүмкіндігі артады», - деді азаматтық қорғау полковнигі Нұрлан Атығаев.
Қазіргі таңда облыстың елді мекендерінде 35 өрт сөндіру бекеттері орналасқан.