СҚО бойынша кедендік бақылау департаметінде ҚР Конституция күніне арналған жиналыс өтті

None
ПЕТРОПАВЛ. Тамыздың 28-і. ҚазАқпарат /Сергей Кузнецов/ - Петропавлдағы Солтүстік Қазақстан облысы бойынша кедендік бақылау департаментінде ҚР Конституциясының 15 жылдығына арналған салтанатты жиналыс болып өтті.

СҚО кедендік бақылау департаментінің бастығы Әлібек Қартов залға жиналған қауымды мерекелерімен құттықтады. Ол «осы тарихи маңызы бар жылдар ішіндегі экономикада, саясат пен ел дамуының басқа салаларындағы болған өзгерістер елдің Негізгі заңының жүзеге асырылуымен байланысты», - деп атап өтті.

Облыстағы басты кеденшінің айтуынша, «Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалығының арқасында біздің толеранттылық, ашықтық, дәстүр мен келісім сияқты конституциялық идеологияларымыз болашақтағы халықаралық бейбіт түсінісу стратегиясы ретінде қолдау тауып отыр».

Облыстағы кеден органдарының ардагері Александр Филонов жастарға ақыл-кеңесін айтты.

Содан кейін департаменттің ең үздік қызметкерлерін марапаттау рәсімі болды. Кеден қызметінің екі жұмысшысы Талғат Ибраев пен Бүркіт Самғұлов 3-ші дәрежелі «Кеден органдарындағы тамаша қызметі үшін» медальдарға ие болса, басқа қызметкерлерге салтанатты түрде ҚР Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитеті төрағасы мен облыстық кедендік бақылау департаменті бастығының алғыс хаттары мен құрмет грамоталары берілді.

Мерекелік шаралар облыстағы кеден бекеттерінде де аталып өтілді.