Ақмола облысы сотының баспасөз қызметінің мәліметінше, сот процессі осы жылдың 3-ші маусымында басталған.
«Сотталушыға ҚР Қылмыстық кодексінің 4-бабының 2-бөлімшесі „аса ірі көлемде алаяқтық жасау“ бойынша айып тағылып отыр. Қазіргі кезде сот жәбірлеушілерден жауап алып жатыр. Келесі сот отырысы 2024 жылдың 31 шілдесіне жоспарланған», — деп түсіндірді ведомстводан.
Тергеу мәліметі бойынша, ол Ақмола облысының Бурабай ауданындағы Ақылбай ауылы тұрғындарының жерін банкке заңсыз кепілдікке өткізіп жіберген.
Айта кетсек, Самат Ескендіров ұзақ жылдар бойы СҚО бірқатар аудандарының әкімі болды.
2011 жылы ҚР Парламенті Сенатының депутаты, 2013 жылы Солтүстік Қазақстан облысының әкімі қызметін атқарды.
Қарамағындағы жоғары лауазымды шенеуніктердің жемқорлықпен ұсталуына байланысты 2014 жылы қызметінен кетті.
Еске салайық, мұның алдында Ақмолада алаяқтық жасады деген күдікпен түрме бастығы ұсталған еді.