СҚО-да 100 келі есірткі өртелді

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Петропавлда полицейлер 100 келіден астам есірткі заттарын жойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, қыркүйек айында Петропавл тұрғынының учаскесінен табылған жабайы қарасора плантациясы өртелген. Есірткі заттарының жалпы салмағы 101 кг болды.

Қарасораны өртеу акциясына полицейлер «Қамқор» клубының еріктілерін шақырды. Полиция жастарға есірткіні қолданудың қорқынышты салдарын айтты.

Жыл басынан бері өңірде есірткінің артық дозалануынан 5 адам қайтыс болған. Жедел жәрдем алғашқы көмек көрсету үшін 69 рет шыққан. Оның 7 жағдайында пациенттер кәмелетке толмаған тұтынушылар болған.

Полицейлер заңсыз айналымнан 390 кг астам түрлі есірткі заттарын, оның ішінде 1,6 кг синтетикалық препараттарды тәркіледі. 85 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды.

Авторы: Олеся Жуковень