Полиция департаменті баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, қылмыскерлердіұстау үшін тәртіп сақшылары Ресейге іссапарға барған.
«Көптеген қылмыстар секілді оқиға бірлесіп спирттік ішімдік ішкеннен кейінболған. Қылмыстың мән-жайы да, күдіктінің мекенжайы да анықталған», - дедібаспасөз қызметі.
6 айдың ішінде облыс бойынша 78 қылмыскерге іздеу салынса, соның ішінде43-і ұсталған.
«Барлық қылмыстың әшкереленуі 73,3% құрап отыр. Қылмыс құрылымында ұрлықжасау көп орын алады. Қазіргі таңда департамент бөлімдері 2019-2020 жылдарғаарналған бөтеннің мүлкін ұрлауға қарсы күрес бағдарламасын жүзеге асырып жатыр.Оның аясында жедел-тергеу жұмыстары жетілдіріліп, бизнес-нысандардыңқауіпсіздігін нығайтуда. Тұрғындар арасында кеңейтілген ақпараттық жұмыстаржүргізіліп жатыр», - деді облыстық полиция департаменті бастығының орынбасарыҚайрат Оразалин.