СҚО Төтенше жағдайлардепартаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқыс оқиға бүгін, түскі сағат 12:15-теҒ.Мүсірепов атындағы ауданның Новоишимкаелдімекенінде болған. Осындағы Локомотивная көшесіндегі 5 қабатты үйдің4-қабатында орналасқан пәтердің терезесінен абайсызда москит торын итеріп, 2жасар қыз құлап кетті. Шұғыл аудандық орталық ауруханаға жеткізілгенімен,дәрігерлер сәбидің өмірін сақтап қала алмады.
СҚО-да жыл басынан 3 балаабайсызда терезеденқұлап, мерт болды.