«Облыс аумағында құрылыс қызметін 21 ұйым жүзеге асырды. Көрсетілген кезең ішінде олар 37,8 млрд. теңгеге құрылыс жұмыстарын орындады, ол 2013 жылғы деңгейден 2,6% артық. Құрылыс жұмыстары құрылымында барынша үлкен үлес салмағын құрылыс-монтаж жұмыстары (72,8%) алған»,-делінген хабарламада. Күрделі және ағымдағы жөндеу үлесіне сәйкесінше 19,6% және 7,6% келді.
2014 жылы 624 жаңа ғимарат салынды, оның ішіндегі 559-ы тұрғын және 65-і тұрғын емес мақсаттағы ғимарат. Есепті кезең ішінде 27 ауыл шаруашылық мақсатындағы нысан, 20 қонақ үй, мейрамхана және ұқсас нысандар, 9 сауда орындары салынды.
Жалпы аумағы 120,1 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, ол 2013 жылғы деңгейден 4,4%-ға артық.