СҚО-да 2016 жылы жол жөндеу жұмыстарына 5,5 млрд. теңге бөлінеді (ФОТО)

None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстан облысында 2016 жылы жол жөндеу жұмыстарына 5,5 млрд. теңге бөлінеді. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы ОКҚ солтүстік өңірдегі филиалында өткен брифинг барысында облыс әкімінің орынбасары Владимир Бубенко мәлімдеді.

«2016 жылы жол жөндеу жұмыстарына 5,5 млрд. теңге бөлінеді, ол қаражатпен 270 шақырым жол жөндеуден өтеді. Оның 50 шақырымы жаңа технологияны қолдану арқылы жөндеуден өтпек. Биыл облыс орталығында көп жұмыстар атқарылды. Қашықтығы 28 шақырым болатын 10 көшеге жөндеу жүргізілді, көшенің 17 шақырым көше жолдарына қиыршық тас төселді, 32 көше қиылысының бағдаршамдары ауыстырылды, 90 автопавильон орнатылды», - деді В. Бубенко.

Әкім орынбасарының айтуынша, ағымдағы жылы облыстық және аудандық жолдарды жөндеуге 5,3 млрд. теңге бөлінген, сонымен бірге 887 млн. республикалық бюджеттен. Бөлінген қаражатқа 252 шақырымды құрайтын жол жөндеуден өтті.

Күзгі тексеріс кезінде автожолдардың 20 пайызы ғана жақсы, ал 33 пайызы қанағаттанарлық деңгейде, қалған 47 пайызы күрделі жөндеу жұмыстарын қажет ететіндігі анықталды.