СҚО-да 21 мыңнан астам адамның салық бойынша қарызы кешіріледі

Фото: None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында 21 мыңнан астам адам салықтық рақымшылыққа ілігіп, олардың қарызының бір бөлігі кешіріледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мемлекет басшысының салықтық рақымшылық туралы Жарлығынасәйкес, ел тұрғындарының 2019 жылдың 1-қаңтарына дейінгі салықтары бойыншаөсімақылары есептен шығарылады. 13-тамыздан бастап өсімақы сомасын Есептеншығару ережелері қолданысқа енгізілді.

СҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаментініңмәліметінше, акция жыл соңына дейін жүзеге асады. Салық бойынша қарызы бар кез-келгенқазақстандықтың өсімпұлы есептен шығарылады.

Қазіргі уақытта 21 мыңнан астамсолтүстікқазақстандықтың 2019 жылдың 1 қаңтарына дейінгі кезең үшін салықбойынша берешегі бар. Жалпы берешек - 449,2 млн теңге. Оның 340,9 млн теңгесінегізгі қарыз болса, өсім - 108,3 млн теңгені құрайды. Есептен шығаруға жататын өсімпұлдың сомасы даосы 108,3 млн теңге.

Бюджетке берешек жеке тұлғалардың басым бөлігі,яғни 92,8% көлік салығын уақтылытөлемеген автокөлік иелері. Олардың жалпы қарызы - 416,8 млн теңге.

Алайда акцияға қатысып, өсімпұлды есептен шығару үшіналдымен негізгі борышты өтеу қажет. Негізгі және жалғыз талап – осы.

Қазіргі уақытта мемлекеттік кірістер органдары күнсайын жеке тұлғалардың жеке шоттарына мониторинг жүргізуде. Олар негізгі қарыздытөлеген жағдайда 3 жұмыс күні ішінде өсімпұлды есептен шығару туралы тиістішешім шығарылады. Салық төлеушілерге ол үшін бір жерге бару қажеті жоқ.

Естеріңізге сала кетейік, осы жылдың 1 қаңтарындасалық бойынша борыш 1,4 млн-ға жуық қазақстандықта болған. Берешектің жалпысомасы 20,9 млрд теңге. Оның 6,6 млрд теңгесі – өсімақы.

Қарыз туралы ҚР ҚМ МКК www.kgd.gov.kz сайтында «Салықберешегінің жоқ/бар екендігі туралы мәліметтер» бөлімінен білуге болады.